Гонконг баспасөзінің жазуына қарағанда, Қазақстанның бірқатар фирмалары осы қор биржасының реестерінде тіркелген.
Оңтүстік Қытайдың Morning Post басылымы Гонконг қор биржасының тізіміне енген фирмалардың қатарында Орталық Азияның тау-кен өндірісіндегі ең үлкен компаниялардың бірі – «Қазақмыс» бар деп жазады.
Аталған басылым Гонконгта болған Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің биржаға қазақ компаниялары инвестицияны көптеп тартатын болады деген сөзіне сілтеме жасайды.