Мәскеу мэриясы митингке рұқсат етті

Ресей астанасының әкімдігі оппозицияға 23 қазанда Пушкин алаңында Владимир Путин үкіметінің отставкаға кетуін талап ету митингісін өткізуге мұрсат берді.

Бұл турасында агенттіктер Бірлескен азаматтық фронт және басқа да ұйымдардың өкілдері кіретін «Бес талап комитетіне» сілтеме жасай отырып хабарлаған.

Наразылық митингісіне шығатындар Путиннің отставкасымен қатар, Федералдық жиынның қос палатасын да таратуды, еркін және әділ сайлау өткізуді, милиция мен арнайы қызметтің жеке құрмдарының жаңартылуын талап етпекші.