Пәкістанда шабуыл кемінде 17 адамның өмірін әкетті

Пәкістанның Карачи қаласында жексенбіге қараған түні болған шабуылдан 17 адам қаза тауып, бірнеше кісі жараланды.

Бүгін Карачи қаласында аймақтық ассамблеяға сайлау өтіп жатыр. Тамыз айында Карачидегі ықпалды партияның депутатын өлтіріп кеткен болатын.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, қаланың түрлі аудандарында қарулы адамдар саяси және этникалық топтардың өкілдеріне шабуыл жасаған. Карачи - Пәкістанның ең ірі әрі өндірістік қаласы.