Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі №1027 жарлығы шыққаннан бастап мемлекеттік қызметкерлердің талайынан дегбір кетті. 26 мың адам, 26 мың тағдыр, 26 мың үрей, 26 мың үміт, 26 мың адамның артындағы қаншама бала-шаға... Аты жаман «қысқарту» күн санап жақындап келе жатыр. Осы қысқарту туралы сөз шыққаннан бері қызмет бабында басқаша жағдай сипат алып бара жатқандай ма өзі?
Бастықтар қол астындағыларға ойлана, сығырая қарайды «біздің мекемедегі басы артық кісі осы ма екен» дегендей. Қызметкерлерде бастықтың көзіне көп түсе бермеуге тырысып, айтқанын екі етпей орындап, лып етіп көтеріліп, жылп етіп отырып, сондай қағілез болып қалған ба?
Қызметкерлер арасында «кім артық, кімнің жұмысы мемлекетке септігін аз тигізеді» деген сарсаң ойдың сөз арқылы сапырылғанына да бір айға жуық уақыт өтті. Жасы егде тартқандар «қысқарып қалсам қайда барамын» деп уайымдайды, «кейінгі келген жастардың еңбек өтілі аз, біліктілігі де төмен – солар барсын» деп жан-жағына қарап қояды. Енді ғана қызметке орналасып, 30-40 мың теңгесін де алып үлгермеген жастар «мен неге қырсық едім!» деп бас қатырады. Әркімнің өз қайғысы – өзінде. Іштей топшылап ұжым отыр «арамызда кім артық» деп.
Бір таң қалғаным – бастықтар міз бақпайды. Олар мемлекет деген үлкен қазанның бір құлағын ұстап отыр ма? Олардың ойы – «мен қысқарып қалам-ау» емес, «кімді қысқартсам екен»:
– Әнеу отырған... Жоқ, болмайды. Ол – туысқан.
– Әнеу ше... Жо-жоқ, атама. Ол «ана» кісінің адамы.
– Ана біреу ше... Жо-оқ, ол «ананың» құдасы ғой!
– Әне біреу ше... Жоқ, ол қайын жұрттың өкілі.
– Анау ше... Ол жас та болса «әлгі» кісінің баласы емес пе?!
– Мынау ше... Бұл білікті маман, жақсы қызметкер. Бірақ қысқартуға осыдан ыңғайлысы да жоқ сияқты. Кімді қысқартсам екен енді?..
Бастықтардың басы осылай жұмыс істеп жатыр.
Қысқарту туралы жарлық шығарған адам «сол қысқарғандарды қайда жіберсем екен» дегенді ойлады ма екен...
Ал сіз не ойлайсыз?
rubin-ma@mail.ru