Президент Назарбаев Бельгияға сапарлайды

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Ілияс Омаров хабарлағандай, президент Нұрсұлтан Назарбаев қазанның 25-26 күндері ресми сапармен Бельгия патшалығына барады.

Сапар барысында Назарбаев патшалықтың басшылығымен кездеседі.

Сонымен қатар қазақ президенті Еуропа Одағы мен Еуропа Комиссиясының, Еуропа парламеті мен НАТО-ның штаб-пәтерлерінде болып, олардың басшыларымен екі жақты кездесулер өткізеді.

Келіссөздердің күн тәртібінде Бельгиямен арадағы қарым-қатынастың қазіргі күйі мен келешегін, ЕуроОдақ институттарымен бірлескен іс-қимыл мәселелерін талқылау қарастырылған.

Ілияс Омаровтың айтуынша, сапар бағдарламасында Қазақстан мен ЕуроОдақтың кәсіпкерлерінің қатысуымен экономикалық көрменің тұсаукесерін өткізу жоспарланыпты.