Пәкістан Мумбайдағы шабуылға қатысы жоқтығын мәлімдеді

Пәкістанның қауіпсіздік қызметі 2008 жылы Үндістанның Мумбай қаласына жасалған терролық шабуылға өзінің қатысы бар деген айыпты теріске шығарды.

Ағылшындардың Guardian газетінде шыққан мақалада террорлық шабуылға атсалысқан кісі - Дэвид Хэдлидің тегі пәкістандық АҚШ азаматы екені айтылады.

Үнді тергеушілері жүргізген тергеу барысында Дэвид Хэдли Пәкістанның қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері террорлық шабуылды ұйымдастырған «Лашкар-э-Таиба» терроршылар тобының мүшелерімен кездескенін мәлімдеді.

Осы жылдың наурыз айында АҚШ-та болып өткен сотта Хэдли Мумбайдағы террорлық шабуылға қатысы болғанын мойындады.