Шешенстанда 3 кісі мерт болып, 17 адам жараланды

Грозныйда Шешенстан парламентіне жасалған шабуылдан 2 милиция қызметкері мен шаруашылық меңгерушісі қаза тапты, 17 адам жараланды, деп хабарлады Тергеу комитеті республикалық басқармасының өкілі.

Өкілдің айтуынша, жараланғандардың ішінде 6 милиция қызметкері бар.

Қазір шабуылға тойтарыс беріліп, содырлардың көзі жойылды. Депутаттардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Тергеу комитеті басқармасының мәліметі бойынша, сейсенбі күні таңертең Грозныйдағы үкімет кешеніне үш қаскүнем сытылып кіріп, олардың бірі парламент ғимаратында өзін-өзі жарды.

Қалған екеуі парламенттің бірінші қабатында баррикада орнатып алып, ақыр аяғында олар да өздерін жарып жіберген.

Қазір тергеу жүріп жатыр.