І
Қазақстан кәрістері Қауымдастығының Президенті Роман Ким, Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Мемлекет басшысының бастамасымен жасалып, 2020 жылға дейін есептелген жеделдетілген индустриалдық-инновациялық бағдарлама жүзеге асқанға дейін өкілеттігін ұзартуы туралы ұсыныс жасады.
– Онда сонымен қатар маған жасартатын және қуат беретін дәріні де қоса ұсын. Мүмкін мұндай дәрмек Кореяда бар шығар? Мен айттым ғой, 2020 жылға дейін келісер едім, тек маған жасартатын дәрі тауып бер, – деді ұсынысқа қатысты Н.Назарбаев. (2010 жылдың 20 қазаны күнгі жаңалық)
ІІ
«Құлақ сал, жаран!
2020-ға барам,
Ел билеу ғой – бар ісім!
Қарағым Ким,
Табуым қиын
Жастықтың қуат дәрісін.
Кореяда, мүмкін, бар дейді,
Не сұраса да бер деймін» –
Депті бір шал,
Арманы мол,
Тірлікте тояр қай көзі?!
Жиырма жыл тақта
Тапжылмай жатқан –
Таусылған болар бар сөзі.
«Жастықтан» басқа мұңы жоқ,
Шал қылған Құдайға «дымы» жоқ.
ІІІ
«Қызусыз тәнің,
Сезімсіз жаның
Болады кәрілік белгісі.
Оны да сезбей,
Үмітін үзбей,
Келмейді шалдың өлгісі.
Алпыстан ары бармаңдар,
Аңдамай шал боп қалмаңдар!» (Шәкәрім Құдайбердіұлы)
qiasbay@gmail.com