Ресей мен Қазақстан ұшқыштары бірге жаттығады

Жұма күні Ресей мен Қазақстанның әскери ұшқыштары Челябі облысындағы Шұбаркөл жаяу әскер полигонында «Бірлескен іс-қимыл-2010» шұғыл-тактикалық жаттығуы аясында соғыс оқтарын атып жаттығады. Ол туралы Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз және ақпарат басқармасын сілтеп көрсеткен «Новости-Қазақстан» агенттігі хабарлады.

Жаттығу барысында «Полигонная» алаңқайына 400 кісіге жуық әуе десанты тасталады.