Куба тағы 5 диссидентті түрмеден босатады

Куба үкіметі түрмеден тағы 5 саяси тұтқынды босатып, Испанияға жөнелтпекші. Ол туралы бейсенбі күні саяси диссиденттерді шетелге жөнелту ісінде бітістіруші болып отырған католик шіркеуінің өкілдері хабарлады.

Бұл бес диссидент Куба үкіметі бұрын босатуға келіскен 52 саяси тұтқынның қатарында жоқ.

Бейсенбі күні Еуропа парламенті мәртебелі Сахаров сыйлығын кубалық диссидент Гильермо Фариньясқа беретін болып шешті.

Оның түрмеде ұзақ уақыт аштық жариялауы билікке қысым көрсетудің құралына айналып, саяси тұтқындарды босатуға түрткі болды.