БҰҰ: Израильдің шешімі халықаралық ережеге қайшы

БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы арнаулы өкілі Роберт Серри Израильдің еврей қоныстарындағы құрылысты қайта жалғастыруын «халықаралық құқыққа қарама-қайшы» деп бағалады.

Еврей қоныстарына қарсы Израильдегі «Бейбітшілік қазір» деп аталатын ұйым хабарлағандай, Иордан өзенінің Батыс жағалауында 600-дей тұрғын үйдің құрылысы қайта жалғасты.

Оның алдында Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху еврей қоныстарын кеңейтуге қойылған мораторийдің мерзімін ұзартуға шақырған Палестина мен дүниежүзілік қауымдастықтың үндеулерін қабылдамаған болатын.

Мораторийдің мерзімі қыркүйек айының соңында аяқталды.