АҚШ Пәкістанға 2 миллиард доллар әскери көмек ұсынады

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Вашингтон Пәкістанға жаңадан 2 миллиард доллар болатын әскери көмек-қолдауын ұсынады деп мәлімдеген.

Бұл жөнінде Клинтон Вашингтонда Пәкістан премьер-министрі Шах Мехмуд Қурешимен кездескенде айтып, Исламабадтың бүлікшілерге қарсы жүргізіп жатқан күресін айрықша атап өткен.