Гаитиде тырысқақ эпидемиясы баяулады

Гаити үкіметі хабарлағандай, елдегі жұқпалы тырысқақ эпидемиясының жайылуы біршама баяулады. Өткен тәуліктерде ауру жұқтырған және жұқпалы дерттен қайтыс болған жаңа оқиғалар азайды.

Хабарға қарағанда, Гаити астанасы – Порт-о-Пренс қаласында тырысқақтың жайылуына тосқауыл қойылды.

Гаитидің солтүстігінде – аурудың ошағында – тырысқақ ауруынан 250-ден астам адам мерт болды. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 3 мыңнан асады.