Еуропалық Кеңес басшысы Астанадағы саммитке келуі мүмкін

Еуропалық Кеңес басшысы Херман Ван Ромпей Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитіне шақыруын қабылдады. Бұл туралы президент баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Мен желтоқсан айының басында ЕҚЫҰ саммитінде кездесеміз деп үміттенемін», - деді Херман Ван Ромпей.

Дүйсенбі қазанның 25-і күні Брюсельде өткен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Херман Ван Ромпей қазақстан-еуропалық әріптестігі мәселелелерін талқылады.