Венесуэладағы кәсіпорындар мемлекетке қайтарылады

Венесуэла президенті Уго Чавес ел аумағындағы шыны өндіретін америкалық Owens-Illinois компаниясының активтерін мемлекет меншігіне қайтаруға нұсқау берді.

Чавес мәлімдегендей, аталған компания Венесуэла халқын қанап отыр, ал оның өндірісі қоршаған ортаны қатты ластайды.
АҚШ компаниясына қанша өтемақы төленетіні әзірше хабарланбады.

Сонымен қатар Уго Чавес Венесуэла аумағындағы шетелдік компанияларға жататын кәсіпорындарды мемлекет меншігіне қайтару науқанының әрі қарай жалғасатынын мәлімдеді.