Түрікменстан Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр

Бүгін Түрікменстан егемендігінің 19 жылдығын атап өтіп өтіп жатыр. Тәуелсіздік күнінің негізгі мерекелік шаралары Ашғабад қаласында өтеді.

Мерекелік шаралар ертең қазанның 28-і күні Ашғабадтың орталық ипподромында аяқталады.

Түрікменстан өз егемендігіне 1991 жылы қол жеткізді.