Оппозицияның баспасөз жиыны төбелеске ұласты
Оппозицияның баспасөз жиынында дау шығарғандар - Өздерін «Желтоқсан-86» республикалық қозғалысынанбыз» деп атаған Талғат Рысқұлбеков пен Гүлбаһрам Жүніс (оң жақта) баспасөз жиынын өткізіп отырған оппозициялық саясаткерлерге шүйлікті. Алматы, Ұлттық баспасөз клубы, 27 қазан 2010 жыл.
Оппозиция жетекшілері шырқы бұзылған баспасөз жиынында - Баспасөз жиынының шырқы бұзылса да, оппозиция жетекшілері Серікболсын Әбділдин мен Владимир Козлов журналистерге сұқбат беріп отыр. Алматы, Ұлттық баспасөз клубы, 27 қазан 2010 жыл.
Оппозицияның баспасөз жиынында дау шығарғандардың бірі - Өзін «Желтоқсан-86» республикалық қозғалысының белсендісі деп таныстырған Талғат Рысқұлбеков оппозиция жетекшілері Серікболсын Әбділдин, Владимир Козлов және Ғазиз Алдамжаров өткізіп отырған баспасөз жиынын доғаруды талап етті. Алматы, Ұлттық баспасөз клубы, 27 қазан 2010 жыл.
Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев баспасөз жиынының шырқын алған адаммен сөйлесіп тұр - Қазақстан Журналистер одағының төрағасы әрі Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаев оппозиция жетекшілері өткізбек болған баспасөз жиынының шырқын бұзғандардың бірі Талғат Рысқұлбековты тәртіпке шақырмақ болып сөзге тартты. Алматы, Ұлттық баспасөз клубы, 27 қазан 2010 жыл.
Оппозицияның баспасөз жиынында дау шығарғандардың бірі - Өзін «Желтоқсан-86» республикалық қозғалысының төрағасы деп таныстырған Гүлбаһрам Жүніс оппозициялық саясаткерлердің баспасөз жиынында. Алматы, Ұлттық баспасөз клубы, 27 қазан 2010 жыл.
Оппозиция жетекшілерінің баспасөз жиыны дау-дамайға ұласты - Қазақстан Журналистер одағының төрағасы әрі Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаев оппозиция жетекшілері өткізбек болған баспасөз жиынының шырқын бұзғандардың бірі Талғат Рысқұлбековты (ортада) сабасына түсіруге тырысты. Алматы, Ұлттық баспасөз клубы, 27 қазан 2010 жыл.
Оппозициялық саясаткер Владимир Козлов Ұлттық баспасөз клубы ғимаратының алдында сұқбат беріп тұр - Оппозиция өткізбек болған баспасөз жиынын даукестер үзген соң, тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов (ортада) журналистермен әңгімесін Ұлттық баспасөз клубы ғимаратының алдында жалғастырды. Алматы, 27 қазан 2010 жыл.
Оппозициялық журналистке жармасты - Өзін «Желтоқсан-86» республикалық қозғалысының төрағасы деп атаған Гүлбаһрам Жүніс Ұлттық баспасөз клубының алдында оппозициялық «Правда Казахстана» газетінің журналисі Шәріп Құрақбайдың жағасына жармасты. Алматы, 27 қазан 2010 жыл.
Оппозициялық журналисті жағадан алды - Оппозиция жетекшілерінің баспасөз жиынында шырқ бұзған Гүлбаһрам Жүніс Ұлттық баспасөз клубының алдында оппозициялық «Правда Казахстана» газетінің журналисі Шәріп Құрақбайдың жағадан алып, жұлқылай бастады. Алматы, 27 қазан 2010 жыл.
Оппозициялық журналистке қол жұмсау - Оппозиция жетекшілерінің баспасөз жиынында шырқ бұзған Гүлбаһрам Жүніс пен оппозициялық «Правда Казахстана» газетінің журналисі Шәріп Құрақбай Ұлттық баспасөз клубының алдында ұстасып тұр. Алматы, 27 қазан 2010 жыл.
Оппозицияның баспасөз жиынында дау шығарғандар - Оппозиция жетекшілерінің баспасөз жиынында шырқ бұзып, дау шығарғандардың бірі Талғат Рысқұлбеков (алдыңғы қатарда сол жақта) Ұлттық баспасөз клубы ғимаратының алдында тұр. Алматы, 27 қазан 2010 жыл.
Ұлттық баспасөз клубы ғимаратына полиция келіп жетті - Ұлттық баспасөз клубындағы оппозицияның баспасөз жиынын даукестер үзіп, ғимарат алдында жалғасқан дау-жанжалдың аяғы төбелеске айналып бара жатқанда бұл жерге полиция тобы да келіп жетті. Алматы, 27 қазан 2010 жыл.
Полицейлер Шәріп Құрақбайды автокөлікке отырғызды - Полицейлер ашуға булыққан әйелдің шабуылынан қорғау үшін оппозициялық «Правда Казахстана» газетінің журналисі Шәріп Құрақбайды мәжбүрлеп автокөлікке отырғызды. Алматы, 27 қазан 2010 жыл.
Полицейлер Гүлбаһрам Жүністі алып кетті - Оппозицияның баспасөз жиынында шырқ бұзған Гүлбаһрам Жүністі полицейлер қолтықтап апарып автокөлікке отырғызды. Алматы, 27 қазан 2010 жыл.