НАТО өз қатарына Грузияның кіретіндігіне сенімді

НАТО әскери комитетінің төрағасы Джампаоло ди Ди Паола, Грузияда болып жатқан әскери реформаларға оң баға беріп, мемлекеттің болашақта Солтүстікатлантикалық альянсқа мүше болатындығына сенім білдірді.

Джампаоло ди Ди Паола Тбилисиге бейсенбі күні келді. Осы күні ол Грузия қорғаныс министрі Бачо Ахалаямен кездесті.