Мәслихатқа тек «Нұр Отанның» мүшелері сайланды

31 қазан күні Қазақстанның 13 аймағында сайлау өтіп, мәслихат депутаттарының босаған орындарына жаңадан 63 адам сайланды деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

Жалпы, 6 облыстық, 5 қалалық және 52 аудандық мәслихат депутаттары сайланған. Орталық сайлау комиссиясының айтуынша, олардың бәрі - «Нұр Отан» партиясының мүшелері.

Сайлау бюллетеніне 136 кандидаттың аты-жөні жазылған. Оның 73-і - өзін-өзі ұсынғандар, 32-сі - қай партиядан екенін жазбаған, 40-ы - партияда жоқ. Алдын-ала есеп бойынша, сайлаушылардың 79,5 пайызы қатысқан.