Мысыр әуе поштасын жөнелтуді уақытша тоқтатты

Мысыр билігі өзге мемлекеттерге әуе поштасын жіберуді 48 сағатқа тоқтатты.

Мысыр арқылы Германия канцлері Ангела Меркельге, Франция президенті Николя Саркозиге, сонымен бірге Афинадағы Ресей мен Швейцария елшіліктеріне жарылғыш зат салынған сәлемдемелер жолданғандығы анықталғаннан кейін, осындай шешім қабылданды.

Әзірге бұл сәлемдемелерді кім жібергендігі анықталмай отыр.