АҚШ Кабулдағы елшілігіне 500 млн. доллар жұмсайды

АҚШ өзінің Ауғанстандағы елшілігін кеңейтуге 511 миллион доллар жұмсайтынын хабарлады.

Құрылыс нысанында сөз алған америкалық елші Карл Эйкенбери бұл жұмыстар АҚШ-тың қауіпсіздік, үкімет, экономика және әлеуметтік бағдарламаларды қолдау жөніндегі өз уәделерін іске асыруына мүмкіндік береді деген.

Оның айтуынша, 2014 жылы аяқталуы тиіс жоба осы жылдың басында басталған. Оған қазір 500 ауғандық жұмысқа алынған. Құрылыс жұмыстары жалғаса түссе, жергілікті халықтың 1500-і жұмысқа алынатын болады.