Соққыға жығылған ресейлік журналистің жағдайы ауыр

Ресейлік «Коммерсант» басылымының белгілі журналисі Олег Кашинді жұмадан сенбіге қараған түні белгісіз біреулер аяусыз соғып, таяққа жығып кеткен. Күрделі операция жасаған дәрігерлер журналистің жағдайы тым ауыр екенін айтады.

Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Прокуратура жанындағы тергеу комитетінің арнайы өкілі Владимир Маркиннің хабарлауынша, Кашинге жасалған қастандықтың оның кәсіби жұмысымен байланысы болуы мүмкін.