Долинкада тәндерін тілгілеген тұтқындар жағдайы қанағаттанарлық

Қарағанды облысындағы Долинка елді мекенніндегі АК 159/7 колониясының тәндерін тілгілеген 13 тұтқынның денсаулығы қанағаттанарлық. Бұл туралы Әділет вице-министрі Әмірхан Аманбаев мәлімдеді, деп жазады ҚазТАГ агенттігі.

Вице-министрдің сөзінше, тұтқындардың барлығына тиісті медициналық көмек көрсетілген. Қазір тұтқындар колонияда көрінеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, колониядағы режімнің жеңілдетуін талап еткен біп топ тұтқын тәндерін тілгілеп тастаған болатын.