ЕО тергеушілері адам мүшесін саудалаған күдіктілерді атады

Еуропа Одағының тергеушілері Косовода орналасқан адам мүшесін сатумен айналысатын халықаралық топқа кіретін жеті күдікті адамның есімдерін атады.

Ақпаратқа қарағанда, күдіктелердің - бесеуі Косово, біреуі Түркия және тағы біреуі Израиль азаматтары көрінеді. Олардың ешқайсысы әлі тұтқынға алынған жоқ.

Халықаралық топтан Қазақстан, Ресей, Түркия және Молдавия азаматтары жапа шеккендігі хабарланып отыр.