Үй қамақтан босатылған Су Чжи саяси күштерді бірлікке шақырды

Жексенбі күні Мьянманың демократияшыл оппозициялық жетекшісі Аун Сан Су Чжи өзінің жеті жылдан кейінгі бостандыққа шыққан бірінші күнінде, елдің демократиялық күштерін бірлікке шақырып, олармен бірге жұмыс істеуге сөз берді.

Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Су Чжи соңғы 21 жылының 15 жылын үйқамақта өткізді. Әлем жетекшілері оның бостандыққа шығарылғанын қоштаған мәлімдемелер таратты.

Бұл Су Чжидің соңғы жеті жылда бірінші рет жасаған саяси мәлімдемесі болды. Ел астанасына жиналған мыңдаған адам оны қошаметпен қарсы алды.