Байден АҚШ сенатын Ресеймен арадағы келісімді мақұлдауға шақырды

Вице-президент Джо Байденнің айтуынша, АҚШ сенатының Ресеймен арадағы ядролық қарулар жөніндегі келісімді тезарада мақұлдамауы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі жаңа келісім бекітілмесе, АҚШ Ресейдің ядролық арсеналын тексере алмайды дейді Байден. Сейсенбі күні республикандық сенатор Джон Кил аталмыш келісім осы жылы қаралмауы мүмкін деп мәлімдеген болатын.

Ядролық қарулар туралы жаңа келісімге АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведев сәуір айында Прагада қол қойған еді.