Азия ойындары: Қазақстан бесінші алтынды жеңіп алды

Бүгін қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Терешкова Гуанчжоуда өтіп жатқан 16-ыншы Азия ойындарында 400 метрлік қашықтықта бірінші болып мәре сызығын кесті. Ал Марина Масленко үшінші болды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлап отыр.

Осы күні грек-рим күресінің өкілі Әсет Мәмбетов құраманың қоржынына күміс алып келді, ол мәрелік жекпе-жекте ирандық балуаннан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал Алхазур Оздиев қола медаль үшін айқаста қытайлық Ма Саньиден басым түсті.

Сондай-ақ, ерлер командасы семсерлесу сайысында қола жүлдені жеңіп алды.

Медаль саны бойынша Қазақстан 10 орында тұр. Құраманың қоржынында 5 алтын, 13 күміс және 23 қола медаль бар,