БҰҰ: СПИД-ке қарсы күресте алғабасушылық бар

БҰҰ-ның мәліметінше, әлем бойынша жаңа ВИЧ/СПИД инфекциясы азайған және бұл дерттен көз жұмғандардың саны кеміген. Алайда миллиондаған адам алдын-алу және емдеу шараларын қолға алмаған дейді БҰҰ-ның СПИД бойынша агенттігі.

Агенттіктің мәліметі бойынша, 2004 пен 2009 жылдар аралығында жаңа инфекция деңгейі 19 пайызға төмендеген. 2004 жылы СПИД-ке қатысты вирустан 2.4 миллион адам көз жұмса, өткен жылы 1.8 миллион адамның қаза болғандығы тіркелген.

Африканың Сахара аймағында СПИД вирусының азайғаны байқалады. Алайда Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда ВИЧ дертіне шалдыққан адамдардың саны өсіп, 1.4 миллион адамды құраған.

Аймақтағы жаңа инфекциялардың шамамен 90 пайызы Ресей мен Украинада тіркелген.