БҰҰ бас хатшысы Астанадағы саммитке қатысады

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Астанада желтоқсанның 1-2 күндері өтетін ЕҚЫҰ саммитінде қатысушылар алдында сөз сөйлейді. Бұл туралы БҰҰ-ның таратқан ақпаратында айтылған.

Астанадағы кездесу әлемнің 56 елін біріктіретін ЕҚЫҰ-ның он жылдан бергі алғашқы саммиті болмақ.