Жаңа Зеландия шахтасында тағы да жарылыс болды

Жаңа Зеландия шахтасында екінші мәрте жарылыс болды.

Өткен жұма күні болған жарылыстан шахтада қалған 29 кеншіні іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Дегенмен, жергілікті полиция өкілі Гэри Ноулздың сөзінше, екінші жарылыс аса күшті болғандықтан, кеншілерді аман алып шығуға деген үміт аз.

Өткен аптада бері жер астындағы улы газдың мөлшері көп болғандықтан құтқарушылар шахтаға түсе алмады. Кеншілермен ешқандай байланыс орнату мүмкін болмады.