Сербия президенті Хорватияға барды

Сербия президенті Борис Тадич бүгін Хорватияға екікүндік сапарын бастады.

Бұл екі ел 1991-1995 жылдарындағы соғыс кезінде жаулар болған. Хорватияның бұрынғы Югославиядан тәуелсіздігін жариялауы бұл қадамға қарсы болған серб бүлікшілерімен арада төртжылдық соғысты туғызды. 20 мың адамның өмірін қиған қақтығыста Сербия бүлікшілерді қолдаған болатын.

Осыдан үш апта бұрын Вуковарға сапары барысында Тадич кешірім сұрады. Сербия президенті мен оның хорватиялық әріптесі босқындар мен шекара мәселелерін және экономикалық ынтымақтастықты талқылайды.

Еуропа Одағы осы одаққа мүше болғысы келетін Сербия мен Хорватиядан достық қарым-қатынастарды қалпына келтіруді талап етті.