АҚШ Иранмен байланысы бар 10 компанияға санкция енгізді

АҚШ қаржы министрлігі Иранмен байланысы бар 10 коммерциялық компанияға санкция енгізгендігін мәлімдеді.

Сейсенбі күні таратылған ақпаратқа қарағанда, Мэн аралындағы сегіз және Малайзия мен Швейцариядағы компаниялар Теһранға көмектескен.

Вашингтон, аталған он фирма ирандық "Меллат" банкінің қаржысынан құрылған дегенді айтып отыр.