Қытайда WikiLeaks сайтына тыйым салынды

Қытайда WikiLeaks сайты жабылып қалды. Мұндай тыйымдар Қытай үшін таңсық емес. Дегенмен, бақылаушылар мұны WikiLeaks-те Қытайға қатысты құпия құжаттардың жариялануымен байланыстырады.

Бұл құжаттарда, Қытайдың жоғары шенді басшыларының Солтүстік Корея жайлы жағымсыз пікірлері мен америкалық Google жүйесіне жасалған кибершабуылдарға Қытай билігінің қатысы бар екендігі жайлы жазылған.