Медведев: ЕҚЫҰ әлеуетін жоғалта бастады, оны қайта жаңғырту керек

ЕҚЫҰ әлеуетін жоғалта бастады, ұйымды қайта жаңғырту қажет. Бұл туралы бүгін Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінде сөз алған Ресей президенті Дмитрий Медведев айтты.

«Ресей Хельсинки ұстанымдарын өмірде жүзеге асыра отырып, жаңа деңгейге көтеруге байланысты айтылған ұсыныстарды толық қолдайды. Ол үшін ЕҚЫҰ-ны жаңартып, оның жұмыс стилі мен тәсілдерін, қызметін жаңарту қажет, бір сөзбен айтқанда, оны одан әрі жаңа деңгейде жетілдіру керек. Турасын айту қажет, шындығында, ұйым өзінің әлеуетін жоғалта бастады», - деді Д. Медведев.

«Жаңа міндеттер өндірісі, оны орындау тетіктері қазір бар мүмкіндіктерін тауысты. Сондықтан ұйым ресурстарын пайдалану үшін нақты құқықтық база мен бірегей қағидалар қажет», - деп атап көрсетті Ресей басшысы.

Медведев Ресей әріптестермен бірлесіп ЕҚЫҰ жарғысының жобосын ұсынғандығын айтап өтті.