ЕҚЫҰ саммиті Астана декларациясын қабылдаумен аяқталды

Уақыт түн жарымынан асып, сағат тілі 1-ге қарай өткенде барып, ЕҚЫҰ саммиті Астана декларациясын қабылдаумен жұмысын қорытындылады.

ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің делегациялары саммиттің екінші күні түс әлетінен-ақ декларация мәтінін талқылауды жабық есік жағдайында бастаған болатын.


Қазақстан президенті Н.Назарбаев саммит жұмысын оған қатысушыларға алғыс білдірумен аяқтап, түнгі сағат бірден кейін баспасөз орталығында күтіп отырған журналистерге брифинг өткізіп, сұрақтарға жауап берді.