Wikileaks швейцариялық доменге көшті

Wikileaks швейцариялық доменге көшуге мәжбүр болды.

Пентагон мен АҚШ мемлекеттік департаментінің құпия құжаттары жарияланған атышулы Wikileaks.org сайты жабылып қалған болатын.

Хостинг қызметін ұсынатын EveryDNS.net сайтының хабарлауынша, Wikileaks.org домені жаппай DDOS-шабуылдардан кейін жабылып қалған.

Енді Wikileaks-ті швейцариялық WikiLeaks.ch доменінен табуға болады.