Ақын Ахмадуллина Мәскеуде жерленді

Белгілі ақын Белла Ахмадуллина бүгін Мәскеудегі Новодевичье зиратында жерленді.

Оның алдында Әдебиетшілер үйінде ақынды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Санкт-Петербордағы Орыс мұражайында Ахмадуллинаға арналған экспозиция ашылды. Онда ақынның күйеуі, суретші Борис Мессерердің туындылары қойылған.

Ақын әрі аудармашы Белла Ахмадуллина 29 қарашада 74 жасқа қараған шағында қайтыс болды.