Франция президенті Үндістанмен ынтымақтастықты нығайтпақ

Франция президенті Николя Саркози Үндістанға барды. Оның төрт күнге жалғасатын сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Сенбі күні Саркози Бангалор қаласындағы ақпараттық технология орталығында болып, Үндістанның ғарыштық зерттеулер ұйымының жерсерігі орталығын көрді. Дүйсенбі күні Франция президенті Нью-Делиде Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингхпен келіссөз өткізеді.

Үндістанда Саркозимен бірге Францияның қорғаныс, сыртқы істер және қаржы мнистрлері сонымен қатар 60-қа жуық француз компанисының басшылары жүр.