Оңтүстік Корея жаңа әскери жаттығулар бастады

Оңтүстік Корея жалпыұлттық әскери -теңіз және артиллериялық жаттығуларын бастады.

Әскерилердің сөзінше, әскери жаттығулар 29 аймақ пен Серы теңіз жағалауында өтіп жатыр.

23 қарашада Солтүстік Кореяның артиллериясы оңтүстіккореялық аралға оқ атып, 4 адам мерт болған еді.

Жексенбі күні Пхеньян оңтүстіккореяның бастап отырған әскери жаттығуын соғыс бастауға талпыныс жасау деп бағалайтындығын мәлімдеді.