Британия күштері келесі жылы Ауғанстаннан кетуі мүмкін

Британия күштері алдағы жылы Ауғанстаннан шығарыла бастауы мүмкін. Бұл туралы күтпеген жерден Ауғанстанға барған премьер-министр Дэвид Кэмерон мәлімдеді.

"Сарбаздарымыз келесі жылы үйлеріне қайта беруі мүмкін деп ойлаймын", - деді Кэмерон.

Британияның Ауғанстанда шамамен 9500 сарбазы бар. Олардың басым бөлігі елдің оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде орналасқан.

Бұдан бұрын Кэмерон барлық ағылшын күштерін Ауғанстаннан 2015 жылға дейін шығару жоспарын қолдаған болатын.