"Желтоқсаншылар" тәуелсіздік күнін митингсіз өткізуге шақырды

Бүгін Алматыда желтоқсан оқиғасына қатысты құрылған ұйымдар желтоқсанның 16-17-сі күндері Алматыдағы алаңда қандай да бір қарсылық шараларын ұйымдастыру ісіне қарсы екендіктерін жеткізіп, қала әкімшілігін мұндай шара өткізгісі келетін ұйымдарға рұқсат бермеуге шақырды.

Олар осыған дейін желтоқсанның 16-сі күні Тәуелсіздік алаңында митинг өткізбек болған «Халыққа баспана қалдырайық» республикалық қоғамдық бірлестігіне де қарсы.

Бүгін өткен жиында бұдан бөлек, елдегі оппозиция, «жалған желтоқсаншылар» жайында да сөз болды, дейді Азаттық тілшісі.