АҚШ Израильді қоныстарын кеңейтуін тоқтатуға көндірмейтін болды

АҚШ Израильді басып алынған Батыс жағалауда еврейлердің қоныстарын кеңейтуін тоқтатуға енді көндірмейтін болды. Бұл шешімді АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Филлип Кроули былайша түсіндірді:


"Біз қоныстарға қатысты мораторийдің жаңартылуы екі жақ арасындағы маңызды және тұрақты диалог үшін ең мықты механизм деп ойлаған едік. Бірақ мұның ілгері басу бағытындағы ең жақсы негіз емес екендігі туралы қорытынды жасадық".

Оның айтуынша, АҚШ тікелей емес келіссөздерге оралу мәселесін қарастырып жатыр.

АҚШ президенті Барак Обама қыркүйек айында қайта басталған тікелей келіссөздерге арағайындық жасаған болатын. Бірақ ол келіссөздер қоныстарға байланысты тоқтап қаады.

Атын атағысы келмеген палестиналық ресми өкіл Израиль бейбітшіліктен бас тартты деп атап көрсетті.