Ауғанстан: ұрланған 18 сапер түгел босатылды ма – белгісіз

Ауғанстанның оңтүстік шығысындағы Хост өлкесінде бейсенбі күні содырлар ұстап алып кеткен ауған саперлерінің тобы босатылды.

Жергілікті полиция хабарлағандай, саперлер - ауған мен коалициялық күштердің бірлескен соғыс операциясының барысында құтқарылды.

Бірақ ұрланған барлық 18 сапер де түгел босатылды ма, жоқ па – белгісіз.

Ауғанстандағы НАТО күштерінің басшылығы соғыс операциясына өз әскерлерінің қатысқанын растамады.

Шекараға жақын орналасқан Хост ауданында тәліптер белсенді әрекет етеді. Алайда, тәліптердің өкілі саперлердің ұрланған оқиғасынан бейхабар екенін мәлімдеді.