Башқұрт соты интернетке пікір жазғанды 1 жылға кесті

Башқұртстан соты Уфа тұрғынын интернетке пікір жазғаны үшін 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыратын жазаға кесті.

Тергеудің мәліметі бойынша, сотталушы Сергей Масленников 2008 жылы сайттардың бірінде экстремистік сарындағы пікір жазыпты. Кейін ол интернет-сайт экстремистік сайт деп танылды.

Жазаға тарту мерзімінің өтіп кетуіне байланысты Масленников жазаны өтеуінен босатылды, деп хабарлады «Интерфакс».