Түркімен газ құбыры ресми түрде мақұлданбақ

Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан және Түркіменстан жетекшілері бүгін Ашхабатта кездесіп, 7.6 миллиард долларлық газ құбыры жобасын ресми түрде мақұлдайды.

Аталмыш газ құбыры салынып болған соң Түркіменстаннан Пәкістан мен Ауғанстан арқылы Үндістанға табиғи газ тасымалданатын болады.

Аталмыш жобаны қолдаушылар бұл газ құбыры 2014 жылға дейін салынады деп үміттеніп отыр. Алайда сарапшылардың айтуынша, Ауғанстандағы тұрақсыздық бұл жобаның өз уақытында жүзеге асуына кедергі болады.