НАТО: Ауғанстанда талибан жетекшілерінің бірі өлтірілді

НАТО-ның хабарлауынша, Ауғанстандағы халықаралық және ауғандық күштер өткен түндегі рейд кезінде талибан жетекшісі мен тағы бір бүлікшіні өлтірген.

Әскери коалицияның мәлімдеуінше, талибан елдің шығысындағы шабуылдар мен қару тасымалына қатысқан. Қаза тапқан талибан жетекшісінің аты - Федахи екені ғана айтылған.

НАТО мәлімдемесінде, Федахи отыр деген жерге барған әскери күштер екі адамды атып, оның біреуі Федахи екенін анықтаған. Коалиция күштері бұл операция кезінде бейбіт тұрғындар жапа шеккен жоқ деді.