Францияда сәбилер кепілдіктен аман босатылды

Францияның Безансон қаласында полицейлер бір қаскүнем кепілдікке тұтқындаған бала бақша сәбилері мен олардың тәрбиешісін аман-есен босатты.

Алдыңғы хабарға қарағанда, дүйсенбі күні таңертең екі қылышпен қаруланған 17 жастағы жігіт Безансондағы бала бақшаға баса-көктеп кіріп, бірнеше сәби мен тәрбиешісін кепілдікке алды.

Бір хабарға қарағанда, әлгі қаскүнемнің психикасы ауытқыған сияқты.

Балаларды құтқару операциясын арнайы әскери бөлім іске асырды. Балалардың барлығы да тегіс аман.