Amnesty International қырғыз билігін сынады

Amnesty International ұйымы Қырғызстанның билік орындарын маусым айындағы қақтығыстарға байланысты сынап отыр.

Аталмыш ұйымның жаңа баяндамасында қырғыз билігі елдің оңтүстігінде 4 күнге жалғасқан қақтығыстарда құқықтары тапталған мыңдаған адам үшін әділеттік орната алмады делінген. Бейсенбі күні жарияланған "Жартылай ақиқат пен іріктелген әділеттік: 2010 маусым оқиғаларының салдары" атты баяндамада Қырғызстандағы толқуларда нақты не болғандығы тексерілген.