Әбсаттар Дербісәлі бас мүфти болып қайта сайланды

Әбсаттар қажы Дербісәлі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы болып қайта сайланды.

Бұл туралы жұма күні діни басқарманың баспасөз хатшысы Оңғар Өмірбек хабарлады. Оның айтуынша, Әбсаттар қажы Дербісәлі желтоқсанның 17-cінде өткен мұсылмандардың бесінші құрылтайында қайтадан 5 жылға сайланған.