Қырғызстанда жаңа үкімет өз жұмысын бастады

Қырғызстанның уақытша үкіметі жаңа құрылған министрлер кабинетіне өкілеттілігін тапсырды.

"Қырғызстандағы коалициялық үкімет жасақталды. Бүгін біз оған уақытша және техникалық үкіметтің міндеттерін жүктейміз", - деді президент Роза Отунбаева.

Қырғызстан парламенті өткен жұма күні социал-демократтар белсендісі Алмазбек Атамбаев бастаған жаңа үкіметтің құрамын белгілеген еді.